Қазақстандық таеквондошы Руслан Жапаров Токио олимпиадасында бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлады Olympic.kz сайты.
80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров алғашқы айналымда Германия спортшысы, 2017 жылғы әлем чемпионы Александр Бахманмен кездесті.
Отандық спортшы қарсыласын 11:7 есебімен ұтты.
Енді Руслан Жапаров келесі айналымда Оңтүстік Корея өкілі Кио Дон Инмен кездеседі.
Пікір қалдыру